Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бюджетке қатысу

Екібастұз қаласында  «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бастау алады.  Жоба шеңберінде қалалық бюджеттен қаражат бөлу жоспарлануда.

Қала тұрғындары ұсыныстар мен жобалар енгізе алады және осы жобалар  жарияланып, дауыс беру арқылы ең үздіктері анықталатын болады. Жобаларға қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, аудандық мәслихат депутаттары,ҮЕҰ және ПИК өкілдері өз бағасын береді.

Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

-жобалық ұсыныс атауы  бір сөйлем шегінде, қысқа, тұжырымды болуы  және ұсынылып отырған жобалық ұсыныстың мақсатына қарама-қайшы келмеуі тиіс;

-бір өтінім-бір объект;

-қала тұрғындарының кедергісіз қолжетімділігімен ортақ пайдаланылатын объект.

-объект өзі іске асырылатын ауданның аумағында және коммуналдық меншікте тұрған жер теліміне орналасуы тиіс.

-жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің және т.б. құзыреті шегінде болуы тиіс.

Бастапқы сатыда жобалық ұсыныстарды беру мен іріктеу тәртібін, аудандық әкімдіктердің сараптамалық кеңестерінің  және т.б. функцияларын регламенттейтін «Бюджетке қатысу» қағидасының жобасы әзірленді.

Ұсыныстар жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулер economica.ae @ pavlodar.gov.kz электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.