Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қала әкімі Жеңіс күнімен құттықтады.

Қала әкімі Ержан Иманзаипов Екібастұз өңірінің ардагерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Оларға мықты денсаулық, жақындарының қамқорлығына бөленуін тіледі және бейбіт өмір үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, қала басшысы ел Президенті Қ. К. Тоқаевтың және Павлодар облысының әкімі А. Б. Скаковтың атынан құттықтау жолдауларын жеткізді.

"Сіздердің адамзат тарихындағы ерен ерліктеріңіз бүгінгі бебіт өмкрімізге, жарқын болашағымызға жол ашты. Бұл ешқашан ұмытылмайды. Сізге зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін"  ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың құттықтау ашықхатында осылай жазылған.

Қарт жауынгерлер соғыс жылдарын еске алып, майдан жылдарының әңгімелерімен бөлісті.
Кейінгі ұрпақтың борышы– ғасырлар бойы ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпай, қамқорлық көрсету.

Екібастұз өңірінде бүгінгі күні төрт соғыс ардагері мен 986 тыл еңбеккері өмір сүруде. Зейнолла Сүлеев, Октябрина Борисова, Татьяна Бурматова Екібастұз қаласында және Мария Смирнова Шідерті кентінде тұрады.