Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз өңірінде 13 үй құрылысы басталды.

"Нұрлы Жер" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламалары аясында мыңдаған екібастұздықтар баспаналы болады. Айта кетерлігі, 9 және 22 шағын аудандардағы жаңадан салынып жатқан үйлер баспанаға кезекте тұрған екібастұздықтарға арналған.

Құрылыс басында қала әкімі Ержан Иманзаипов бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерімен кездесіп,  арнайы құрылыс барысымен таныстырды.

Биыл 1007 пәтер беріледі, ол болса кезекте тұрғандардың жалпы санының 15 пайызын  сондай-ақ, Солнечный кентінің  70 пайыз тұрғынын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен, өткен жылы 408 пәтер тапсырылса, биыл бұл сан екі есе артып отыр.

Бүгінгі күні қалада 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы және Солнечный кентінде екі үйдің құрылысы жүргізілуде.  Құрылыс алаңдарында 500-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Мердігерлер қолданып жатқан құрылыс материалдарының 90 пайызы жергілікті өнім.   Осы жылы мыңдаған отбасы өз баспана иесі атанады деген үміт көп.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі