Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Карантин кезіндегі КТІКжұмысы туралы

Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия карантин кезінде өз жұмысын жалғастырады. Өмірлік қиын жағдай кезінде әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған отбасылармен  жұмыс өте маңызды.

Ата-аналарға әртүрлі мәселелер бойынша консультациялар береді және өзге де көмек түрлерін көрсетеді, соның ішінде азық-түлік жеткізіп береді. КТІК мүшелері  ата-аналарға  өзін -өзі оқшаулау кезінде  кәмелетке толмаған балалардың  далаға шығуын шектеу қажеттігін ескертеді.