Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Карантин кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар

Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ата –аналарды карантин және өзін -өзі оқшаулау кезінде үйде қауіпсіздік ережелерін ұмытпауға шақырады.

Көктем мезгілінде балалардың терезеден құлап кету оқиғаларының саны арта түседі. Құлап кету салдарынан балалар күрделі емдеу мен оңалтуды қажет ететін ауыр жарақаттар алады. Кейде өкінішке орай, алған жарақаттары өмірлеріне қауіпті болып жатады.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында келесі ережелерді сақтау қажет:

-Терезелерді шалқасынан ашық күйінде қалдырмаңыздар (мүмкіндігінше терезенің «төменгі» емес, «жоғарғы» жағын ашыңыздар (қарсы желдету).

-Баланы қараусыз қалдырмаңыздар.

-Жиhазды терезенің алдына қоймаңыздар.

-Терезеге бұғаттау орнатыңыздар.

- Москит торларын тиісті қорғаныш құралдарынсыз қолданбаңыздар.

-Терезе аксессуарларын дұрыс таңдаңыздар.

-Балаға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіздер.

-Балаға ашық терезенің жанында ойнауға рұқсат бермеңіздер.

-Дәл қазір балаңыздың қайда екенін тексеріңіздер.