Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімінің азаматтарды онлайн қабылдауы.

Халық үніне құлақ асу, жедел әрекет ету мемлекеттік органдары қызметінің басты басымдығы болып табылады. Қала әкімі Ержан Иманзаипов азаматтарды онлайн режимде қабылдауда.   Нәтижесінде 10 қала тұрғыны әкімнен WhatsApp желісі арқылы сұрақтарына жауап алды.

Көтерілген мәселелердің дені-  тұрғын үй алу және материалдық көмек көрсету.

Аталмыш қабылдауларды апта сайын сәрсенбі күндері сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін өткізу туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап елдегі төтенше жағдайға байланысты COVID-19 салдарынан Екібастұз қаласының әкімдігі азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты. Бірақ тұрғындар  онлайн қабылдаудан басқа, қала әкімдігінің  8707 334 92 90 WhatsApp нөміріне және @ekibastuz_akimat инстаграмм желісіне хабарласа алады.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі