Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Түнгі қаладағы рейд.

Қала әкімі Ержан Иманзаипов полиция басқармасының бастығы Василий Склярмен және депутат Николай Арсютинмен бірге қала тұрғындарының ТЖ режимін сақтауын бақылау мақсатында түнгі қала бойынша рейд жүргізді. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар облысында қосымша шаралар енгізілді.

Олардың бірі-22.00-ден кейін адамдардың қозғалысын шектеу. Жұмыс тобы адамдар көп жиналатын орындарға барды - саябақ, аулалар, "Бәйтерек", "у Федора", Суши бар орындарына. Түнгі уақытта  серуендеп жүргендермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сол үшін полиция қызметкерлері қала жолдарында көлік иелерін де арнайы  тоқтатты. Дүкен сатушылары санитарлық және дезинфекциялық шараларды сақтау туралы ескертілді.

Рейд қатысушылары ТЖ режимін бұзу немесе төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты талаптарды орындамау 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе ҚР ӘҚБК 476-бабына сәйкес 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынатынын  ескертті.