Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 жылдың 5 қазанында әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін, 2013 жылдың 5 қарашасында, Екібастұз қаласы әкімдігінің кіші залында  қала басшысы Александр Вербняктың төрағалығымен әкімдіктің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы аясында мал шаруашылығын, отардағы мал шаруашылығын және мал азығын өндіруді дамытуды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, Екібастұз өңірінде жастар саясатын іске асыру туралы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру аясында Екібастұз қаласының атқарушы органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуы туралы, Ауыл шаруашылық нысанындағы жерлерді тиімді пайдалану туралы, «Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы  және Екібастұз қаласы ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері әкімдерінің 2013 жылдың 9 айына есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер  мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар жөнінде мәселелер талқыланды.

          Күн тәртібінің мәселелері бойынша Екібастұз  қаласы  әкімдігінің бөлім басшылары және Теміржол ауылдық  округінің әкімі Ерлан  Қасеналин

сөз сөйледі.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өтен Тоқуров мал шаруашылығын, отардағы мал шаруашылығын және мал азығын өндіруді дамытуды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

- Екібастұз өңірінде 34 350 жастар тұрады, яғни жалпы тұрғындардың 24,9 %-ын  жастар құрайды. Ағымдағы жылы ішкі саясат бөлімі жастар ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірге 3 мыңнан астам жастардың қамтылуымен 27  іс-шара өткізілді, - деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Зинаида Мұхаметжанова.

Екібастұз қаласының атқарушы органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуы туралы «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айжан Жұмабаева  ақпарат берді. Айжан Хамзаевнаның мәлімдеуінше, қаладағы 241 мемлекеттік қызметшілердің 78,4 % мемлекеттік тілді еркін меңгерген,  21,6 %  мемлекеттік тілде сөйлейді және түсінеді.

Жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуанбек Ақказенов ауыл шаруашылық нысанындағы жерлерді тиімді пайдалану жөнінде баяндап,  2012 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлердің берілуі 45 % -ға ұлғайғаны туралы айтты.

Ерлан Касеналин Теміржол ауылдық округі әкімінің аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы  есеп берді.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мағжан Сүлейменқызы:

– Ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер әкімдерінің 14 есеп беру кездесуінде 16 мәселе көтерілді, оның 13-іне сол жерде түсінік берілсе, әлеуметтік сипаттағы 3 мәселе бақылауға алынды, - деп хабардар етті.

         Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша қаулы қабылданды.