Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысында су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторинг жалғасуда

         Павлодар өңірінде тиісті мекемелер және ұйымдармен тасқынға қарсы іс-шаралардың орындалуын мониторинг жүргізу жалғасуда.

         Өткен жылдары су асқан автомобиль жолдарының барлық учаскелері бақылауға алынды. Ағымдағы жылдың 18 наурызында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары С. К. Есімханов, ТЖ Департаменті бастығының орынбасары полковник С. Т. Асайынов, Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының бастығы А. Ш. Қажыбеков, сондай-ақ Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының бірқатар жауапты тұлғалары "Қазақавтожол" өкілдерінің қатысуымен республикалық маңызы бар автомобиль жолын аралап, Шідерті өзеніндегі бөгетті тексеріп шықты.

         Автожолды аралау барысында су өткізу құбырлары мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі қар сорғыш учаскелер тексерілді.

         Аралаудың нәтижелері бойынша облыс әкімінің орынбасары жолдың проблемалық учаскелерінде қар тоқтату орындары бойынша ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырма берді. Шідерті өзенінің бөгетінде "ҚТЖ" АҚ мен Сәтпаев атындағы арна өкілдерін тыңдап, жергілікті атқарушы органдарға қысқа мерзімде коммуналдық меншікке теңгерімге алу мәселесін шешу және бөгетке техникалық тексеру жүргізу және тиісті шешім қабылдау тапсырылды.

 

Павлодар облысы ТЖ департаменті

Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы