Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Өмір" оңалту орталығына сыйлық.

"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында қала әкімі Ержан Иманзаипов "Өмір" шығармашылық оңалту орталығына барды. Тәрбиеленушілерге үш ноутбук сыйлады.

- "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Екібастұзға іс сапары кезінде сіздер одан үш ноутбук сұраған болатынсыздар. Біз бүгін сол сыйлықты жасау үшін арнайы келдік.  Сонымен қатар, тыңығу кабинеттеріңізге де жөндеу мен жабдықтау қажет. Біз сол мәселені де шешуге тырысамыз. Демеушілер табылып  жатса,  қысқа мерзім ішінде жүзеге асырамыз.

Тәрбиеленушілер өз тараптарынан қала басшысына шағын концерт дайындап,  өз қолдарымен жасалынған дүниелерді  көрсетті. Бүгінгі күні орталықта әртүрлі жастағы жүз адам оңалтудан өтіп жатыр. Әкім орталықта жұмыс істейтін барлық үйірмелерге бас сұғып, тәрбиеленушілердің тұрмыс-тіршілігімен танысып, олардың шығармашылықтарын жоғары бағалады.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі