Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі рейдке шықты.

Қала әкімдігі жанынан құрылған жұмыс тобы дүкендердегі маңдайшалар мен көрнекі жазулардың дұрыс жазылуын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустардың дұрыс орнатылуын тексеру мақсатында қаланы аралады. Жұмыс барысында «Белорусские деликатесы», «Тарлан», «Светофор» дүкендерінің иелеріне ескерту жасалды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева тіл заңнамасын сақтамаған дүкен иелеріне қате жазуларды 1 ай ішінде жөндеуге мүмкіндік берді.

- ҚР «Мемлекеттік тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, маңдайшалар, хабарландырулар, баға көрсеткіштері, тұрғындарға арналған басқа да көрнекі ақпараттар ең әуелі мемлекеттік тілде, содан соң ғана ресми тілде жазылуы тиіс, - деді ол.