Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҰОС ардагері Талғат Ахметов 95 жасқа толды.

Ұлы Отан соғысына қатысып, жеңіс туын желбіретуге үлес қосқан қарт майдангер Талғат Ахметов 95 жасқа толды.

Осыған орай, қала әкімі Ержан Иманзаипов соғыс ардагерінің шаңырағында болып, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Сондай-ақ, қала әкімі мерейтой иесін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен телефон арқылы байланысқа шығарды.

Аймақ басшысы майдангерге мықты денсаулық, амандық тілеп, мерейтойымен құттықтады. Соғыс ардагері басшыларға көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін ризашылығын білдірді.

Талғат Бапайұлы 1925 жылдың 24 ақпанында Баянауыл ауданында дүниеге келген, Майқайын кентінің қазақ орта мектебінің 8 сыныбын бітіргеннен кейін 1943 жылдың қаңтарында Қызыл әскер қатарына алынады. Әскери қызметін 76 мотоатқыштар полкі,  36-девизия құрамы, 17-әскерінің шығыс шекарасында өтеді.
1945 жылдың тамыз айынан бастап 1948 жылдың маусымы аралығында Жапон соғысына қатысты және әскери қызметін Маньчжурда жалғастырды

Әскери қызметін аяқтаған соң, 1948 жылдан Майқайын кентінде жұмыс істеді. 1954 жылдан бастап Екібастұз қаласына қоныс аударып, диспетчер, аға диспетчер, Павлодар №3АвтоТресінің автобаза бөлімінің бастығы міндетін атқарды.Тың жерлерді игеруде ауылшаруашылық жұмыстарына қатысты.
1956 жылдың қазанынан бастап «Иртыш Углестрой» СУ-1 Трестінде саудагер, 1964 жылға дейін кәсіпорын меңгерушісінің міндетін атқарды.
1964 жылдан бастап «Иртыш Углестрой» СУ-1 Трестінде техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
1985 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа келгеніне байланысты зейнетақымен қамтамасыз етілуде.

Марапаттары:
«ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Жапонияны женгені үшін» медальі, «КСРО Маршал Г.К Жуков» медальі, мерейтойлық медальдар, қаланың Құрметті азаматы.

Үш бала тәрбиеледі, 7 немересі, 14 шөбересі бар. Қазіргі таңда жұбайы Роза Темірболатқызымен тұрып жатыр.