Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орырбасары Б.Байбек Екібастұз қаласында.

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ақпанның 20-сы күні жұмыс сапарымен Екібастұзға ат басын тіреді.  Іссапар барысында ол МАЭС- 1 станциясының жұмысшыларымен өңірдің тау - кен металлургия өнеркәсібі кәсіподағының өкілдерімен кездесті. Әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.

Сондай - ақ, Бауыржан Байбек қаладағы ең күрделі нысандардың бірі – нөмірі 13 "Алтынай" арнайы балабақшасын аралады.  Мұнда күрделі жөндеу қажет.  Ғимараттың шатыры, қасбеті және жылыту жүйесі апатты жағдайда. Бұл мәселе шешімін табады. 
– Балалардың құқықтарын қорғау мен қолдау – партия жұмысының басымдығы-деп атап өтті төраға орынбасары.

Сондай-ақ, іссапар барысында Бауыржан Байбек Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовпен бірге партияның қоғамдық қабылдауында бес  азаматты қабылдады.