Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Солнечный поселкесінің тарихы

Каз ССР министрлер кеңесінің 1983 жылғы 15 наурыздағы «Екібастұз МАЭС-2 жанынан тұрғын поселок орналастыру таралы» өкімі және Павлодар облыстық атқарушы комитетінің 1984 жылғы 5 маусымдағы № 185/11 шешімімен салынып жатқан МАЭС-2 жанынан тұрғын поселок салуға участок бөлінген. Осы құжаттар негізінде поселокты Шаңдақсор су қоймасының солтүстік жағалауында орналастыру туралы шешім қабылданды.

Жалпы ауданы 17683 кв.м құрайтын алғашқы тұрғын үйлер 1986 жылы қолданысқа берілді. Қазіргі кезде поселоктың жалпы ауданы 10 528,6 га (105286000 кв.м) құрайды, оның ішінде тұрғын үй фонды 223 507 м2 – бұл 24 коттедж бен 115 подъезд бен 2375 пәтерден тұратын 28 көпқабатты тұрғын үй.

 Фотоальбом

1985 ж. 1 мамыр.

Екібастұзэнергострой трестінің «Су энергострой монтаж» ұйымының  ұжымы 117 пәтерлі тұрғын үйдің монтажы бастады.

1985 ж.

МАЭС-2 өндірістік алаңында 520 орынға арналған асхана ашылды.

Оны СУ  «МАЭС-2» және СУ «Энергоотделстрой» энергоқұрылысшылары іске қосты

1985 ж.

Еркасов Дауренбек Ныгмановичтің басқаруындағы милиция бөлімшесі ұйымдастырылды.

 

1986 ж.

Виктор Иванович Перепелкин сайлауға дайындық және сайлау өткізу комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Осы жылы ол поселкелік кеңестің төрағасы болып тағайындалды. Содан кейін Солнечный поселкесінің бірінші әкімі қызметін атқарды.

 

                    Бұл жылдары поселок орны жазық дала болатын.

 

1986 ж.

«Итальян» ауласынының алғашқы үйлері салына бастады.

1986 ж. 25 желтоқсан

25 желтоқсан.           «Алғашқы тұрғын» (Перепелкиндер және 14 отбасы) қоныстанды.

1986 ж.

Денсаулық пункті ашылды. Поселоктың алғашқы терапевт-дәрігері  -  Толқын Бауезовна Нурсеитова, медбике Гузель Тагировна Исина. 1987 жылы мед.пункт бас дәрігер Оразалы Адиевич Алькебаевтың басшылығымен МСЧ ПЭО ЭЭС филиалы болып ауыстырылды.

1987 ж.

Әлемдегі ең биік МАЭС-2 түтігі құбырының бетоны салынып бітті.

Биіктігі 420 метрден тұратын түтікті Москвалық ВНИПИ жобалаған (жобаның бас конструкторы Г.В. Крылов). Оны ОртаАзиялық басқару трестінің «Спецжелезобетон строй» труба салу ұжымы салды. Теңдессіз құбыр салуда жаңа технология мен құралдар қолданылды. Құбырға және оның орнатуына 32 мың куб.метр бетон қолданылған.

1987 ж.

№ 16 орта мектебі ашылды, алғашқы директоры Сержан Серикович Жылкыбеков

1987ж.

800 бау-бақша учаскесі бар  «Энтузиаст» бақша серіктестігі құрылды.

1987 ж. 30 наурыз

«ЕМАЭС-2» АҚ жанынан тұрғын-үй коммуналдық бөлім құрылды, бірінші бастығы М.В. Самойленко. 1998 жылғы 28 мамырда ҚР Министрлер кабинетінің 1995.14.07 №975 қаулысын және Екібастұз қаласы әкімінің 1998 жылғы 19 мамырдағы №278 шешімін орындау мақсатында поселктегі инженерлік коммуникацияларды жөндеу және жұмысын жүргізетін коммуналдық кәсіпорын «РИЭК» КҚК ашылды. Директоры болып К.А. Мергенбаев тағайындалды. Кәсіпорын құрамына «Струя» СЖҚ, 35-10 подстанциялары, ЦТП-45А, ЦТП-45Б, КНС-48А, КНС-48Б кірді. Теңгерімінде 10 дана техника тіркелді. 2000 жылғы 1 маусымдағы поселок әкімінің №24 шешімімен «Инженерные сети» коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Директоры болып К.А. Мергенбаев тағайындалды.

1988 ж.

Қалалық атқару комитетінің өкімімен 14 цыган отбасы поселекке қоныстандырылды, осыдан кейін поселоктың бір ауласы «Цыгардар ауласы» деген лақап атқа ие болған.

1988 ж.

Тұрмыс үйі (шаштараз,киім тігу шеберханасы, хим.тазалық және жуу пункті) ашылды.

1989ж. 8 наурызы

Алғашқы комсомол отряды келді.

1989 ж. 13 маусым

№48 «Жидек» бала бақшасы ащылды. Алғашқы меңгерушісі В.Н. Козак.

1990 ж.желтоқсан

Екібастұз МАЭС – 2 бірінші энергоблогы іске қосылды. МАЭС-  2  қуаттылығы 500 мВт құрылысын «Экибастузэнергострой» тресті салды.

Іске қосылған жұмыстардың қысқаша хроникасы.

23 желтоқсан.

Пешті іске қосып жақты.

24 желтоқсан

құбыр агрегаты минутына 3 мың айналыс жасап блок желіге қосылды.

24 желтоқсан кеші

кешен толықтай іске қосылып 200 мВт қуаттылықпен

тұрақты негізде жұмыс істеді.

 

МАЭС-2 электроэнергиясы бөлгіш құрылғылар ОРУ-500 арқылы алыс жақтағы подстанцияларға берілді (1млн.150 мың вольт) және еліміздің бірегей энергожүйесіне қосылды. (директоры В.П. Сидоров)

 

1991 ж.сәуір

Бірінші энергоблок жылу жобасына ауыстырылды.

1991 ж. мамыр

Алғашқы жеке құрылысшылар пайда болды.

1991 ж.

400 номерлі телефон станциясы іске қосылды.

1991 ж.тамыз

МАЭС-2 түтін трубасы Гиннес рекордтар кітабына енгізілді.

1991 ж. 29 тамыз

Бірінші блок бірінші миллиард киловат электроэнегиясын өндірді.

1993ж. 22 желтоқсан

№2 энергоблок іске қосылды.

МАЭС-2 директоры Алексанр Александрович Григорьевтің ықпал етуінің нәтижесінде 1994-1995 жылдар аралығында келесі әлеуметтік нысандар салынып, жұмысын бастады:

1994 ж.қараша

Ақсу энерготехникалық техникумының кещкі бөлімшесі ашылды.

1994 ж. 4 желтоқсан

320 орынды  Мәдениет үйі ашылды. Бірінші директоры Кусаинова Салтанат Кажмуратовна

1995 ж. Мамыр

Шіркеу мен мұсылман мешітінің салтанатты ашылуы болды.

1995ж. тамыз

Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай ескерткіші жаңартылды.

1995ж. 15 қыркүйек

Абай атындағы 500 орындық №28 қазақ тіліндегі мектеп ашылды. Бірінші директоры Сагитова Умиткан Сапаровна.

 1996ж. қазан

Ақниет вокальдық тобы құрылды. Жетекшісі Сыздыкова Клара.

1999ж. 20 желтоқсан

Екібастұз қаласы әкімі Е. Арбиевтің шешімімен Майлыбаев Серик Абдугалиевич кент әкімі болып тағайындалды

2000 ж.

«Очаг» меншік иелерінің тұтынушы кооперативі құрылды. Төрайымы Якутова Гульжан Сабуровна.

2003 ж.

«Шырақ» меншік иелерінің тұтынушы кооперативі құрылды. Төрағасы Ескендиров Дюсен Буркутбаевич.

2005 ж.

 

  • Абай Құнанбайұлының 160 жылдығына алаң жаңартылды.

 2007 -2011ж.ж

Солнечный поселкесінің әкімі қызметін атқарғандар:

М.М. Мухамеджанов, Е.Ш. Джумадиев, А.М. Сейлджанов

2007ж.

№3 ЖСМ денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

2007ж. 27 ақпан

«Су-Солнечный» КМК тіркелді.

2007ж.

«Рахат Солнечный» ЖШС тіркелді .

2009ж. қаңтар

Электр желілері «Горэлектросеть» АҚ сенімгерлік басқаруына берілді.

2009ж. маусым

Су, жылу және кәріс объектілері «Горводоканал» КҚК теңгеріміне тапсырылды

2011 ж. 7желтоқсан

Екібастұз қаласы әкімі А.Ф. Вербняктың өкімі негізінде Солнечный поселкесінің әкімі болып Алшимбаева Маржан Кадыровна тағайындалды

2012ж.

«Маржан» тігін цехы ашылды. Жеке кәсіпкер Казбекова Куралай (Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы аясында).

2012ж.

«Роана» сұлулық салоны ашылды. Жеке кәсіпкер Рогожина Татьяна (Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы аясында).

2013ж.

Дөңгелек жөндеу шеберханасы ашылды. Жеке кәсіпкер Урпекова Маншук  (Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы аясында).

2013ж.

Жасанды жабыны бар футбол алаңы ашылды.

 

Поселкеміздегі тұрғындар саны бүгінгі күнге 5352 адам.

Қазіргі таңда поселок бойынша 22 дүкен, 1 дүңгіршек, 2 жабық базар, 3 дәріхана, 3 кафе, 4 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, 1 наубайхана және т.б халық игілігі үшін қызмет етуде. Ауылшаруашылық  бағытында 8 шаруа қожалығы, 3 ЖШС, жеке аулалар да мал ұстайды.

             «Қуаттылығы 630 мВт құрайтын 3 энергоблок қойылуымен МАЭС-2 станциясын салу және қайта салу» инвестициялық жобасы жүргізіле бастады.