Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Өркен" шағын индустриалды аймақ ашылды.

Қаламызда «Өркен» шағын индустриалды аймақ ашылды. Бұл облыстағы пилоттық жоба.

Орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында құрылған индустриалды аймақта бүгінде 18 кәсіпкер орналасқан. Олардың 10-ы – тігін тігу, 6-уы – өңдеу өнеркәсібі, 2-уі қызмет көрсету бағытын таңдаған.

Кәсіпкерлер өндірістік ғимаратты тегін пайдаланып, коммуналдық шығынды ғана өтейді.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі