Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімі Е.Иманзаиповтың халықпен қорытынды есеп беру кездесуі.

"Өнер" ҚМО-да өткен  Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаиповтың қорытынды есеп беру кездесуі шеңберінде жергілікті кәсіпкерлердің тауарлары мен өнімдерінің көрмесі өтті. Оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты. Сонымен қатар, облыс басшысы өмірдің қиын жағдайына кезіккен балаларға қолдау көрсету орталығының отыз түлегіне  пәтерлердің кілттерін табыс етті.

Үлкен залда қала әкімі Е.Иманзаипов  тұрғындар алдында 2019 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.  Қала және ауылдық аймақтардың тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олардың бір бөлігі сол жерде жауап алса,тағы да бірқатар сұрақтар бақылауға алынды. Кездесуде қала басшылығының атына көптеген алғыс айтылды.

- Өңірлерінде мақтанарлық жайттар аз емес, дегенмен, әлі де атқарылатын жұмыс көп. Мәселелерді қоғаммен бірлесіп шешу қажет деген облыс басшысы қала әкіміне біршама тапсырма жүктеді.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.