Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Ansa Silicon" мен "Особый дом" БОО-ның арасындағы келісім шарт.

Екі ай бұрын "Особый дом" балалар түзеу орталығына барған кезде әкім Ержан Иманзаиповқа оның директоры Адина Сеитова қаржылай қолдау көрсетуді өтінген еді. Қысқа мерзім ішінде қала басшысы демеушілерді тапты. "Ansa Silicon" техникалық кремнийін өндіретін зауыт аутизмге шалдыққан балаларға көмектесуге бел буды. Компания мен "Особый дом" арасында бүгін 19 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек туралы шарт жасалды.

- "Осы меморандумның арқасында бізде тағы да кем дегенде 120 балаға көмек көрсету мүмкіндігі пайда болды дейді орталық директоры Адина Сейітова.

- Біз мұқтаж балаларға қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз, - деп атап өтті  өз сөзінде "Ansa Silicon" компаниясының бас технологы Николай Забнин.

Атап өтсек, "Особый дом" орталығы  2018 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. Осы кезең ішінде  120 бала оңалтудан өтті. Олардың жетеуі бүгінде қарапайым балабақшаларда тәрбиеленсе, үшеуі қарапайым мектепке барады. Тағы төртеуі сауығып кетті.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі