Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімі Е.Иманзаиповтың ауыл тұрғындар алдындағы есептік кездесулері.

Жыл басында барлық деңгейдегі әкімдер дәстүрлі түрде тұрғындар алдында  есеп беру кездесулерін өткізеді. Бұл шаралардың мақсаты өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын шығару және алдағы уақытқа міндеттерді анықтау.

Екібастұз қаласы әкімінің аталмыш  кездесулері 15 қаңтардан басталды.  Ержан Иманзаипов 2019 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік –экономикалық дамуы туралы есеп берді. Ол Әлкей Марғұлан атындағы, Шиқылдақ, Бесқауға, Ақкөл, Төртуй, Байет, Құлакөл, Сарықамыс және Төрткұдық ауылдарында, сондай-ақ Шідерті және Солнечный кенттерінде кезектілік тәртібімен болып қайтты.

Ауылдарда көтерілген өзекті мәселелер негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты. Бұл жарықтандыруды жаңғырту, кіреберіс жолдарды жөндеу, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі. Соңғы мәселе бойынша қала басшысының баяндамасынан көрсетілгендей , 2023 жылға дейін халықты орталықтандырылған сумен жүз пайыз қамтамасыз ету міндеті қойылған.

Іс жүзінде барлық ауылдық округтерде ауылдың жалпы бюджетінен елді-мекенді дамытуға  қаражат жеткіліксіз.
Сондықтан қала әкімі ауыл әкімдеріне бюджеттің кіріс бөлігінің қосымша көздерін іздестіруді тапсырды. Бұл үшін шағын және орта бизнесті дамыту қажет деп мысал келтірді.

Ауылдықтардың көптеген сұрақтары есептік кездесуден бұрын өткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында көшпелі қабылдау кезінде қарастырылған. 

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі