Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімі Е. Иманзаипов "Nur Otan" партия филиалында жеке қабылдау өткізді.

Қала әкімі Ержан Иманзаипов "Nur Otan"партиясының қалалық филиалында азаматтарды жеке қабылдады.
Атап айтқанда, қала басшысына инватакси жұмысы туралы, тұрғын үй, жер  әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.

Қала басшысы әрбір өтініш берушінің мәселелері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды қарауға уәде берді және тиісті органдарға келіп түскен барлық мәселелерді шешуді тапсырды.

Әкімге барлығы 12-ден астам адам жүгінді.

Қабылдау аясында демеушілік қаржысының арқасында қаланың ауыр науқас кішкентай тұрғынына көмек көрсетілді. Сондай-ақ, дарынды студент, жас ақын Ербол Әміреновтің  институттаға оқу ақысы төленді.  Осылайша, жергілікті әкімдік қаланың талантты жастарына да баса назар аударып, оларлың табысты идеяларын қолдауға әрдайым дайын екенін білдірді.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі