Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҰОС ардагері Зейнолла Сүлеев 95 жасқа толды.

Қала әкімі Ержан Иманзаипов Ұлы Отан соғысының ардагері Зейнолла Сулеевті 95 жас мерейтойымен құттықтап, облыс әкімі Болат Бақауовтың құттықтау хатын табыс етті.

Өз кезегінде мерейтой иесі қала басшысына ризашылығын білдірді.

Зейнолла Сүлеев 1925 жылы 10 қаңтарда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.  Бастауыш 7 сыныптық  білім алды. Бухгалтер болып жұмыс істеді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. Ол Украина майданының бірінші атқыштар дивизиясында соғысты. 1945 жылдың тамызында Жапон соғысына қатысты. 1948 жылдың сәуір айының соңында әскерден оралды.

Соғыс аяқталғаннан кейін 1949 жылы Ақкөл орта мектебіне мұғалім болып жұмысқа орналасты. 1951 жылы аудандық білім бөлімінің жолдамасы бойынша сырттай оқуға Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түсті.  1954 жылы 4 жылдық курсты бітіріп, мұғалім дипломын алды. Кейін үзіліссіз мұғалім болып жұмыс істеген.

1985 жылы құрметті демалысқа шықты.

"Украинаны азат еткені үшін", "КСРО Маршалы Г. К. Жуков" медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Жұбайымен 9 бала, 12 немере және 8 шөбере тәрбиеледі.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі