Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М. Магеррамов пен Н. Микаелянның Екібастұздағы жұмыс сапары.

Жоғары мәртебелі қонақтарды қала басшысы Ержан Иманзаипов бірінші болып қарсы алды. Ол депутаттарға Екібастұзда кездесулерін жемісті  өткізуді тіледі.

Депутаттар Магеррам Магеррамов пен Наринэ Микаелян Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған іс - шараларға бастама берді. Олардың жұмыс сапары шеңберінде Достық үйінде "Екібастұз өңірінің этникааралық саясаты" тақырыбында Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Достық үйінің негізгі қызметі, жоспарлары мен болашағы туралы Достық үйі директорының міндетін атқарушы Зәуреш Қонақбаева таныстырды. Қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Маруаш Сағындықова "Қоғамдық келісім кеңестері: Қазақстандағы тұрақтылық құралы" тақырыбында баяндама жасады. "Қазақ тілі" қалалық қоғамының төрағасы Жұмағали Қоғабай Екібастұз өңірінің тіл саясатының дамуы туралы айтып берді. Сонымен қатар, халық қалаулылары заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері ретінде  сот, прокуратура, полиция және ТЖ өкілдерімен кездесті. Депутат Магеррам Магеррамов әкімшілік және қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерді атап өтті. Кездесу қатысушылары құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылады.

- Біз қалаларды аралаған кезде, айтарлықтай нәтиже көреміз. Өйткені, дәл осындай кездесулерде Үкіметтің мақұлдауында одан әрі күш - қуат алатын ұсыныстар туады, - деп атап өтті депутат Наринэ Микаелян. Қалалық Сот Төрағасы Қабиболла Байғоншеков прокуратура органдарына жалпы қадағалау өкілеттігін қайтару туралы ұсыныс енгізді. Қала прокуроры Рустам Қабиденов мәжілісмендердің назарын ҚР Қылмыстық заңнамасында "жас балалар" және "кәмелетке толмағандар" жас шектерін белгілеу қажеттігіне аударды. Депутаттар келіп түскен ұсыныстарды назарға алды.

– Оларды пысықтап, зерттейтін  боламыз-деп кездесуді мәжілісмен Магеррам Магеррамов аяқтады.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі