Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ҰОС ардагері Татьяна Бурматованың 100-жылдық мерей тойы.

Екібастұз қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Бурматова  Рождество мерекесі қарсаңында 100 жасқа толды. Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаипов оны  мерейтойымен құттықтады.

Татьяна Михайловна Свердлов облысы Богданович қаласында 1920 жылы туған. Орта мектептің 7 сыныбын бітіріп, Сухолозия қаласының техникумына түсті.  Оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс істей бастады, ал соғыс басталғанда қызды әскерге шақырды.

1942 жылдан 1945 жылға дейін Татьяна 1725 зениттік-артиллериялық полктің пулеметшісі болып қызмет етті. Соғыс аяқталған соң Татьяна Михайловна телеграфшы болып жұмыс істеді,содан кейін балабақшада, ал  құрметті демалысқа шыққанға дейін шипажайда еңбектенді. 1949 жылы тұрмысқа шығып, Қазақстанға көшті.

Батылдығы, төзімділігі, соғыста Отан үшін және сіңірген еңбегі үшін еңбек салада "Германияны жеңгені Үшін", "Ерен еңбегі үшін" және көптеген медальдармен  марапатталған.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі