Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда өңірлік оқу орталығы ашылды.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен Екібастұзда еліміздің отын-энергетикалық кешені үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңірлік оқу орталығы салтанатты түрде ашылды.

Оқу орталығы 700 оқушыға арналған. 15 жеке корпустан тұрады.  Бұл ғимаратты 10 жылға жуық бірнеше мердігерлік ұйымдар салды. Құрылысты биыл аяқтаған павлодарлық фирма- "Портал-ПВ"ЖШС.
Орталық Қазақстанның барлық отын-энергетикалық кешені үшін жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын болады.

Болат Жұмабекұлы орталықтың ашылу салтанатынан кейін   240 орынға арналған оқу аудиторияларын, өндірістік шеберханаларды, спорт залдарын және жатақхананы, сондай-ақ өңірдің отын-энергетика саласының экспонаттары ұсынылған шағын мұражайды аралап көрді.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі