Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз балалар қорынан қайырымдылық шыршасы»

Жаңа жылдық мерекеге «Екібастұз»  балалар қоры 560 мүмкіндігі шектеулі бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 358 бала шақырды.

14 жастағы Надина Таутанова қайырымдылық шыршаға бос қол келген жоқ. Қала әкімі Ержан Иманзаиповтың портретін салып әкелді. Қолында тағы  бірнеше әдемі суреттері болды. Туылғаннан  Надинаның көру қабілеті төмен, бірақ суретті шебер салады.
Қыз денсаулығына байланысты үйде оқиды.

«Екібастұз»  балалар қорының директоры Татьяна Шмидт және Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Наталья Нефёдова Надинаға  онын таланты үшін алғыс білдірді. Шырша қатысушыларына  қуаныш, бақыт және тілектердің орындалуын тіледі.

Театрландырылған қойылым, шырша биі және көңілді ойындардан кейін барлық қонақтар сыйлықтарға ие болды. Қаланың кәсіпорындары мен демеушілері  балаларды тәттілермен қуантты.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі