Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Жастар- Ел болашағы" жастар форумы.

Екібастұздың "Жастар – Ел болашағы" форумында Жастар жылының қорытындысы шығарылды. Екібастұз ауданында жұмыс істейтін жастар саны көп. Қала кәсіпорындарында 25 мыңнан астам жас маман еңбектенеді. Олар өнеркәсіп салаларында, мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарады, бизнеспен айналысады.

Жастар қозғалысы – КВН, спидкубинг, стрит-воркаут табысты дамып келеді. ЖБДО-да еріктілер жасағы құрылды, коворкинг-орталығы ашылды.
Биыл өңірімізде 149 жастары кәсіпкерлік негіздерін игерді. Жас кәсіпкерлер автокөлік қаптары мен ұлттық нақыштағы киім тігумен, түрлі кәдесый өнімдерін жасаумен айналысады. Қалада шағын өнеркәсіптік аймақ құрылуда, онда жақын арада өз бизнесін сапалы жүргізу үшін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге орындар бөлінеді.

Жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында, биылғы жылы спорт ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, политехникалық колледж базасында басқа қалалардан келген студенттерге арналған жатақхана ашылды.
Біздің жастарымыздың есімдері-Мұса Тұрсынғалиев, Расул Хатаев, Руслан Омаров, Нелли Рерих бүкіл елге танымал болды.

Қала әкімі Ержан Иманзаипов форумда сөйлеген сөзінде 2020 жыл еріктілер жылы деп аталғасын, "Мен қамқоршымын" атты онлайн эстафетасын жариялады. Ол сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамдық өмірге тарту мақсатында "Менімен арманда!" акциясын жариялады. Және жастарды еріктілер қозғалысына белсенді ат салысуға шақырды.

- Еріктілер тек қалада ғана емес, сонымен қатар өңіріміздің әр ауылдық аймақтарда дамуы тиіс. Жұмысшы жастар Кеңесіне корпоративтік еріктілікті енгізу қажет. Ол үшін ЖБДО базасында осы жұмысты әр түрлі бағыттарда үйлестіретін еріктілердің қалалық штабын құру қажет", - деп қадап айтты әкім.