Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз өңірінде жастар саясатын іске асыру туралы ақпарат

Екібастұз өңірінде 34 350 жастар тұрады, яғни жалпы тұрғындардың 24,9 %-ын  жастар құрайды.

         Екібастұз қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, аталмыш кеңесте тоқсан сайын кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының баяндамалары тыңдалады. Кеңес отырыстарында «Богатырь Комир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, «Екібастұз МӨЭС-2 станциясы» акционерлік қоғамындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы, жастарды жұмысқа орналастырудағы жұмыстың түрлері мен әдістері туралы, жастар арасында құқық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатындағы жұмысты ұйымдастыру туралы және өзге де мәселелер қаралды.

«Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы 6 320,0 мың теңге көлеміндегі сома көзделді, ол негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

 Патриот болу - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, - әрдайым Қазақстанды өз жүрегінің төрінде ұстау.

         Ағымдағы жылы жаңа патриотизмді қалыптастыру үшін ішкі саясат бөлімі жастар ұйымдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірге 3 мыңнан астам жастардың қамтылуымен 27  іс-шара, оның ішінде «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында қала мен ауыл жастарының түрлі санаттары арасында 12 дөңгелек үстел, диалог алаңын өткізді.

«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты қалалық форум ұйымдастырылды. Форум барысында «Тәуелсіз Қазақстан» фильмі көрсетіліп, 4 спикер сөз сөйледі. «АТОМ» жобасы бойынша ядролық қарусыз әлем  туралы петицияға қол қойылды, жұмысшы, өз бетінше жұмыс істейтін және студент жастардың 300 қолы жиналды.

         Патриоттық акциялар, флэш-мобтар өткізілді: «Мемлекет. Рәміз. Патриот» және «Біз - қазақстандықтармыз!». Қала тұрғындарына мемлекеттік рәміздер туралы, Конституцияның қабылдану кезеңдері туралы, еліміздің негізгі заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтері бар 200 буклет пен үнпарақ таратылды.

Жыл сайын әскерге дейінгі жастар арасында әскери-патриоттық спартакиада, әскердің Ауғанстан жерінен шығарылғанына, Отан Қорғаушы күніне, Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар  күніне орай патриоттық митингілер өткізіледі.

Халықтың толеранттығы мен бірлігін сақтау және нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу бөлім қызметінің негізгі бағыты болып табылады. Жыл бойы Екібастұз өңірінде діни экстремизмнің алдын алу жөнінде 7 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

         Есептік кезеңде «Зұлымдық қалай бүркемеленеді?» бейне-ролигін көріп, оның талқылануымен диалог алаңы, Солнечный кентінің жастарымен «Дін және жастар» тақырыбында дебаттар, ұлттық-мәдени орталықтар фестивалі өткізілді.

         «Мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі «Назерке» телеклубы әлеуметтік жобасын іске асырды. Бұл бағыт бойынша жалпы 5159 адамның қамтылуымен 50-ден астам іс-шара өткізілді.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда денсаулық және спорт, отбасы құндылықтарын насихаттау жеке орын алады. Отбасы күніне орай мемлекеттік тілде «Ақ босаға» конкурсы өткізілді. Аталмыш іс-шараға 10-нан астам жас отбасы қатысты.

         Жыл бойы өңір жастары спорттық іс-шараларға белсене қатысуда. «Денсаулық фестивалі - 2013» аясында қала оқу орындарында «Денсаулығым керемет - жаттығуға көп рахмет!» ұранымен «Денсаулық күні» болып өтті. Бұл бағытта  брейк-данстан қалалық турнир, сондай-ақ салауатты өмір салтының, нарко-психдиспансерлердің мамандарын қатыстыра отырып, тақырыптық дәрістер, көрмелер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

         «Жастар» қалалық бағдарламасы аясында ішкі саясат бөлімі нашақорлықтың, АҚТҚ-ЖҚТБ және маскүнемдіктің алдын алу мәселелерінде жастарға психоәлеуметтік ақыл-кеңес беру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырды. Сенім телефоны жұмыс істейді. 

         Индустрияландыру негізі ретінде «Жасыл экономиканы» дамыту және жастар арасында жаңа экологиялық этиканы қалыптыстыру үшін экологиялық бағыт  көкейтесті етілген. Ағымдағы жылғы мамыр айында қаланың жастар бірлестіктерімен бірге  «Ұмытылмас естелік» акциясы өткізілді, аталмыш акция барысында құғын-сүргінге ұшыраған азаматтар жерленген орындар жинастырылып, сырланды. «Қоршаған ортаны қорғау» үкіметтік емес ұйымымен бірге «Ертіс-Қарағанды» каналының аумағында экологиялық сенбілік болды. Жазғы еңбек  семестрында «Жасыл ел» студент жастар еңбек жасағы қалалық штабының жұмысы ұйымдастырылды. 

         29 тамыз күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың антиядролық бастамасын қоғамның одан әрі кеңінен қолдануын қамтамасыз ету үшін «Ядролық сынақтарға жол жоқ!» акциясы ұйымдастырылды, петицияға қол қойылды. Іс-шараларға  жастар ұйымдарының, жұртшылықтың, жас педагогтер мен бұқаралық ақпарат құралдарының  137 өкілі қатысты.

         Ағымдағы жылғы қаңтарда қала әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №1423/12 қаулысымен «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Қазан айында аталмыш орталық жанында жастарға қызмет көрсету бөлімі ашылды, ол жұмысқа орналасу, гранттар мен несиелер алу, «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне волонтерлер даярлау мәселелерінде сервистік көмек көрсететін болады. «Жастар еңбек биржасы» сайты жұмыс істей бастады, бұл сайт апта сайын жаңартылып, бос қызметтер орналастырылады, түйіндемелер  қоры құрылды, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге жұмысқа орналасу мәселелерінде консультациялық қызмет көрсетіледі.  «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне волонтерлер даярлау аясында «Самұрық» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге жеке тұлғаның өсуіне және тілдерді үйренуге бағытталған тренингтер өткізілді. Оған 48 оқушы жас қатысты.

         Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.