Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Байет ауылындағы азаматтарды қабылдау.

Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық округтерде көшпелі қабылдаулар өткізуді жалғастыруда. Байет ауылында кездесуге 21 адам келді. Көбісі- жұмысқа орналасу мәселесімен.

Технология пәнінің мұғалімі Өзгеріс Құзайырұлы білім бөлімінің басшысына кабинетті жабдықтау қажеттілігімен жүгінді. Жазира Хамзабаева бірінші кезекте химия, биология және физика кабинеттерінің жабдықталатының алға тартты. Жалпы, оқушылардың жеткілікті санына байланысты, бұл елді-мекенде кабинеттің жабдықталуы жоспарда бар, бірақ жақын уақытта емес деп түсіндірді Жазира Амангелдіқызы.

Ауылдың жас тұрғындары-Дәулетбек Хуанбай мен Мұрат Қабдан мал шаруашылығын дамытумен айналысқысы келетіндерін жеткізді. Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жасұлан Сәдуақасов шаруа қожалығын ашу үшін алдымен жер алу қажет екенін және мемлекет кәсіпкерлерді түрлі тиімді бағдарламалар арқылы қолдайтынын айтты.

Азаматтарды қабылдағаннан кейін қала әкімі аппаратының басшысы Ардақ Торсықбаев танысу мақсатында жергілікті әкімдікке, мектепке, ауылдық кітапханаға және су құбырына барып, тексеріс жұмыстарын жүргізді.