Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімінің азаматтарды қабылдау барысында 24 ауыл тұрғыны келді.

Құлакөл ауылында өткен  қала әкімінің азаматтарды  қабылдау барысында 24 ауыл тұрғыны келді. Олардың алтауы қала әкімінің көмегіне жүгінді.
Үшінші бөлімнің тұрғындары ауыз суға зәру екендерін жеткізді. Суды оларға Кулакөлден әкеледі, кейде өздеріне баруға тура келеді.

Бұған әкім ауылдықтардың саны  200 адамнан кем елді мекенге орталықтандырылған су құбырын орнатылмайтынын түсіндірді.  Бірақ, келесі жылдың бірінші тоқсанында, бөлімшеде кешенді блок-модуль орнатылады. Оған облыстық бюджеттен қаражат та қарастырылған.

Құлакөл тұрғыны Ардақ Сейсембаев бірден бірнеше сұрақ қойды әкімге. Біріншісі  әлсіз ұялы байланысқа қатысты болса, екіншісі  - ауылға су құбырын тартқан  мердігер жерді қазып, жолдарды жөндеп кетпеген көрінеді.

ТҮКШ бөліміне әкім ұялы байланыс компаниясына сигналды жақсартуға хат дайындауды тапсырды.

Құрылыс бөліміне- су құбырын тартқан мердігер ауыл жолдарын жөндеуден бас тартқан жағдайда сотқа беру керек деп тапсырма берді.
Жергілікті мектептің жұмысын қала басшысы жоғары бағалады. Нәтижелері оң. Соңғы 10 жылда жеті түлек мектепті  "Алтын белгімен" аяқтаған. Әкім сондай-ақ, мектеп асханасының тамақтандыру сапасын және су құбырын тексерді.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі