Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзға "Балаға мейірімді қала"жобасын жүзеге асыру тәжірибесін қабылдау

Екібастұзға "Балаға мейірімді қала"жобасын жүзеге асыру тәжірибесін қабылдау мақсатында Тәжікстан делегациясы мен ЮНИСЕФ өкілдері келді.
2015 жылдың қараша айында Екібастұз қаласы Қазақстан Республикасының Бес қаласы мен аудандарының қатарында "Балаға мейірімді қала" құрметті атағын алды. Бұл балалар бастамаларын одан әрі дамыту бойынша жаңа идеялар мен жұмыс түрлерін іздеудегі бастамасы болды.

Қонақтарды қала әкімі Ержан Иманзаипов қарсы алды. Ол қалада балаларды дамытуға бағытталған және әрекет ететін бағдарламалар туралы қысқаша айтып, осы мәселедегі жоспарларымен және келешегімен бөлісті.

Қонақтар мүмкіндіктері шектеулі  балалар мен жастарға қандай көңіл бөлінетінін сұрады.  Екібастұзда инклюзивті бағыттағы жеке және мемлекеттік балабақшалар бар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде сыныптар жұмыс істейді.
- "Туғаннан бастап ересек жасына  дейін біз балаға көңіл аударамыз. Бірақ, ынталы балаларға, әрине.  Және бұл үшін жағдай жасаймыз. Бізде әлеуметтік лифт бар. Біз бұдан әрі де  балаларымыздың көшбасшылық қасиеттерін жандандыру бойынша  белгілеген іс-шараларды жүзеге асырамыз. "- деді әкім Ержан Иманзаипов.

Соғды облысы Бала құқықтары жөніндегі бөлімінің төрайымы Мұхаббат Хомидова Соғды облысының бес қаласы мен аудандары ЮНИСЕФ бағдарламалары бойынша тығыз жұмыс істеп, қазір  " Балаға мейірімді қалалардың" жобасын іске қосуға дайындалуда.
- "Менің ойымша, біздің сапарымыз нәтиже береді ,Қазір біз өзімізге қызықты мәліметтер алдық. Сол үшін алғысымызды білдіреміз. Одан әрі тығыз ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз", - деді ол.

Бұдан әрі делегация кеңейтілген отырысқа қатысып, әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары қонақтарға "Балаға мейірімді қала" жобасын іске асыру аясындағы іс-шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. "Қайнар" білім беру-сауықтыру кешеніне және қонақтар  Екібастұз қаласының аумағында жұмыс істейтін балаларға арналған барлық түзету орталықтарына барды.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі