Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дәстүрлі Абай оқулары байқауы

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бағдарламасын» іске асыру мақсатында 30 қазан күні Екібастұз медициналық колледжінде өзге ұлт өкілдері арасында «Мақсұтым – тіл ұстартып өнер шашпақ» атты дәстүрлі қалалық Абай оқуларын өткізді. Байқауға № 23, 35 мектеп оқушылары және Екібастұз гуманитарлы-техникалық колледжі, Қосым Пішенбаев атындағы №18 Екібастұз колледжі, Екібастұз политехникалық колледжі, Инновациялық Еуразия университеті колледжі, Екібастұз медициналық колледжі студенттері қатысты.

Байқау «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын мәнерлеп оқу, «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім өлеңдері мен күйлерін орындаушылар, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы номинациялары бойынша өтті.  

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша бірінші орынды №23 мектептің оқушысы Емельянова Вероника иеленсе, екінші орынды Қосым Пішенбаев атындағы №18 Екібастұз колледжінің студенті Реджепова Сағыныш, ал үшінші орынды Екібастұз медициналық колледжі студенті Шейва Светлана еншіледі.  «Көңілім әнді ұғады» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациялары бойынша бір орын ғана берілді. Оны Екібастұз гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті Романчук Екатерина және Екібастұз политехникалық колледж студенті Ерболат Амренов иеленді.