Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодарлық 70 кәсіпорын «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесінде

Бұл қандай жүйе, оған кім қатыса алады және бизнеске не беретіні туралы «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов айтып берді.

«Атамекен» палатасының басты міндеті - кәсіпкерлікті қолдау және дамыту. Бизнесті қолдаудың тиімді шараларын жасау үшін мемлекет ұсынатын қызметтердің қайсысы кәсіпкер үшін ең тиімді және пайдалы екенін білуіміз керек. Яғни, жүйелі аналитикалық дереектер қоры қажет. Осы мақсатта бүгінде өнеркәсіп компанияларына «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесіне тіркелуге ұсынылады. Бұл жаңа құрал, бизнестің өзі берген мәліметтер негізінде, тіпті әр кәсіпорынға мемлекеттік қолдаудың мақсатты шаралары жасалады. Мұнда деректер бұрын аналитиканы құрастыру мүмкін болмаған салалар мен кәсіпорындар тұрғысында ескерілетін болады. Мысалы: өндірістік қуат, кәсіпорынның нақты жүктемесі, локализация деңгейі, шикізат пен оның құрамдас импорты », - дейді Ербол Арынов.

Айта кететін жайт, «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесінде аналитикалық компонентпен қатар кәсіпорындар үшін пайдалы ақпараттық-аналитикалық қызметтердің кең спектрі қол жетімді болады, олар әрі қарай кеңейтіліп жетілдірілетін болады.

Мысалы, мемлекеттік қолдау шараларының навигаторы, тұтынушылар тұрғысынан мемлекеттік сатып алуды визуализациялау және талдау, әдістер, тауарлық позиция, ақпараттық қолдау, үкіметпен кері байланыс және басқалары.

Сонымен қатар, келесі жылы ынтымақтастық пен қосалқы мердігерлікке арналған электрондық платформаны іске қосу жоспарлануда. Бұл кәсіпкерлерге тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге ЕАЭО елдерінде - Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Арменияда да мердігерлер табуға мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйенің әрбір қатысушысының жеке кабинеті болады, бұл ақпарат үшінші тұлғаларға белгісіз. Сонымен қатар, бұл жерде компанияның фискалдық деректерін жинау қарастырылмаған.

«Өнеркәсіп» ақпараттық жүйесінде тіркелу үшін кәсіпорын заңды тұлғаның ЭЦҚ көмегімен шаруашылық қызмет туралы ақпарат енгізеді. «Мен Павлодар кәсіпорындарын «Индустрия» АЖ қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырамын. Қазіргі уақытта жүйеде 70 компания. Мен жүйелі сипаттағы проблемалық мәселелерді шешудің тиімді шараларын әзірлеу, кәсіпорындардың белсенділігіне байланысты деп санаймын. Сонымен қатар, бұл экономиканың шикізат емес секторын дамытуға серпін береді», - деді Ербол Арынов.