Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ағымдағы жағдай туралы брифинг

Екібастұз қаласының қалалық коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін жылу беру және қысқы кезеңнің өтуы бойынша брифинг өтті.Спикерлер болып Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, подполковник Д. Байсанбаев және Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау тобының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Е. Рогожина сөз сөйледі.

Өздерінің сөз сөйлеулерінде мамандар жолды қыста ұстаумен "Екібастұз-Коммунсервис" ЖШС мердігерлік ұйымы жүзеге асыратынын айтты. Олар 3000 тонна көктайғаққа қарсы материал дайындаған (құм, тұз), 28 бірлік жол техникасы бар. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында жолды қыста ұстауды 3 мердігерлік ұйым жүзеге асырады ("Ардабил-ЛТД" ЖШС, "Спецтехника" ЖШС, "ЕкібастұзКоммунсервис" ЖШС), 27 бірлік жол техникасы бар.

Қысқы уақытта Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары ауылдық округтер мен кенттердің әкімдіктерімен, жол полициясымен, автовокзалдармен дауылды ескерту алған кезде жедел ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

Қысқы кезеңде су айдындарындағы (мұздағы) төтенше жағдайларға өз уақытында ден қою және адамдардың қаза болуын жібермеу бойынша қажетті шараларды қабылдау мақсатында азаматтарды су айдындарындағы мұз жағдайы және су айдындарында (мұзда) қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттауды жүзеге асырады. Оқу мекемелерінде (мектептер, колледждер) оқушылармен қысқы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптары мен ережелерін жеткізу бойынша кеңестер өткізіледі.

Жылу беру маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша ТЖ басқармасының бас маманы Е. Рогожина сөз сөйледі. Өзінің сөз сөйлеуінде өңірдің тұрғындары арасындағы жыл бойы өткізілетін профилактикалық жұмысқа қарамастан азаматтар бейқам болып, өрт қауіпсіздігінің ережелерін елемейтінін айтты, соның салдарынан қайғылы жағдайлар болып жатады. Қала мен ауылдық аймақтың аумағында өрттің 71 оқиғасы тіркелді, сонда 3 адам зардап шекті, 3 адам қаза тапты.

Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ТЖ басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметі және еріктілермен бірлесіп алты мыңнан астам үйді аралап, тұрғындармен 19 жиын өткізді.

Әр демалыс күндері азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін (соның ішінде қарауыл қызметін өткеруден бос қызметкерлерді) және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып "Өрт қауіпсіздігінің сенбілігі" өткізіледі.

Тұрғын үй секторын аралау кезінде өрт қарсы қызмет қызметкерлері келесі іс-шараларды өткізуге ұсыныс береді:

- жылу беру маусымы басталар алдында пеш пен мұржаларды тазалау, жөндеу және ақтау, жырықтарды майлау қажет. 

Брифинг барысында тұрғын үй секторларында болған өрттер, сондай-ақ өрт кезінде қаза болып, зардап шеккендер бойынша, қысқы кезеңндегі жүріс-тұрыс қағидаларының талаптарын сақтау, қысқы кезеңдегі аса проблемалық мәселелері бойынша азаматтық қорғау және ауылдық округтердің саласындағы өкілетті органдардың арасындаға өзара қарым-қатынасқа қатысты сұрақтар қойылды.

 

Екібастұз қаласының

ТЖ басқармасы