Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және қоғам қайраткері

Екібастұзда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және қоғам қайраткері, 1978-1982 жылдар аралығында Екібастұз басшысы болған Геннадий Алексеевич Никифоровқа мемориалдық тақта ашылды. Ол Екібастұз отын-энергетикалық кешенін дамытуға лайықты үлес қосты.

Геннадий Алексевич Никифоров 1929 жылы 12 сәуірде Новосібір облысы Қарасук ауданы Благодатное ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Омск қаласында Орта-арнайы білім алды. 1953 жылы Қазан қаласының Ішкі істер әскери училищесіне оқуға түсті. 1966 жылы Павлодар индустриалды институтында инженер-құрылысшы мамандығы бойынша жоғары білім алды. 1956 жылдың қазан айынан Коммунистік партияның мүшесі. 1973 жылы Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірді.

Геннадий Никифоров тың совхоздарының, Екібастұз МАЭС, Солнечный және Екібастұз кенттерінің құрылысына көп күш жұмсады.

Геннадий Алексеевичтің өмірі Павлодар Ертіс өңірімен тығыз байланысты.Бірінші басшы болған облыстың әрбір қаласы оған туған - туыстары мен сүйікті болды. Ол қалада көптеген жақсы жұмыс істеді, ол нағыз интернационалист, дана, батыл басшы болды.

Тақтаны Екібастұз әкімі Ержан Иманзаипов пен Г. А. Никифоровтың қызы - Валентина Геннадьевна ашты. Іс-шараға Никифоровтың серіктестері, әріптестері мен достары қатысты. Қоғам қайраткерлері, ардагерлер Қабидолла Шакірімов, Қажымұрат Нағманов. "Екібастұз ардагерлер - энергетиктері" ҚБ төрағасы Рашид Ғаббасов Геннадий Алексеевичпен бірге еңбек атқарған кезіндегі естеліктерімен бөлісті.

Соңында қатысушылар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды. Айта кетерлік жайт, тақта "Өнер"қалалық мәдениет орталығы ғимаратының қасбетінде орнатылған.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі