Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда "Балаға коньки сыйла" қайырымдылық акциясы басталды

Ол жомарт жандардың арқасында жылда өтетін науқан. Акцияны ашқан қалалық мәслихаттың депутаты Қанат Тұрлыбеков халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан 10 балаға коньки сыйға тартты. Табыстау рәсіміне Шешембеков көшесі,1 мекен жайында орналасқан хоккей алаңында қала әкімі Ержан Иманзаипов қатысты.

Осы қысқы маусымда 10 хоккей корты құйылады. Олардың төртеуі Шешембеков көшесі, 1, Беркімбаев көшесі, 186, Кеншілер көшесі, 12 , "Қазақстан" кинотеатрының алаңында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейтін болады.

Конькиге ие болған 10 жасар Денис Бурлака мұз айдынына әкесімен бірге келді.

- "Мен әзірше коньки тебе алмаймын. Бірақ енді әр демалысымды кортта өткіземін. Тез үйреніп кетемін" - дейді Денис.
Хоккей кортының ашылуына орай конькиді жалға беру пункті сол күні тегін жұмыс істеді.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі