Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Бозшакөл» кенорнының қоғамдық тыңдауы

2013 жылдың 25 қазанында Төрт-Құдық  селосының клубында ««Бозшакөл» кенорнының мыс-молибденді рудасын өңдейтін байыту фабрикасының рудасын саздан тазартуға арналған қондырғысы»» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауы өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға  22 адам қатысты. Олардың ішінде:  Төрт-Құдық  селолық  аппарат әкімдігінің бас маманы Ережепова Қаншайым, Екібастұз қаласы санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы Иментаев Қайдар, ҚР «Kazakhmys Projects B.V.» компания филиалының құрылыс менеджері Уэйн О’Грэйди және Төрт-Құдық  селолық округінің тұрғындары.

Қоғамдық тыңдауда «Бозшакөл» кенорнының мыс-молибденді рудасын өңдейтін Байыту фабрикасының рудасын саздан тазартуға арналған Қондырғысы» жобасына жасалған Қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау жобасы таныстырылды.  Сөз сөйлеу кезінде, қатысушылар жоба іске асырылғанда мүмкін болатын негізгі экологиялық салдармен таныстырылды. Жергілікті тұрғындармен пікір-талас жүргізу арқылы барлық сұрақтар талқыланып, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.

Талқылау кезіндегі негізгі қорытынды: Қоғамдық тыңдауға шығарылған  ««Бозшакөл» кенорнының мыс-молибденді рудасын өңдейтін байыту фабрикасының рудасын саздан тазартуға арналған қондырғысы» жобасына жасалған қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау жобасын бірауыздан мақұлдау. Барлық қатысқандар жобаны қолдады.