Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнінде

Әкім Ержан Иманзаипов "Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнінде" өтініш берушілердің кейбір мәселелерімен сол жерде танысуға уәде берген болатын.

Атап айтқанда, биыл әкімдіктен жалға берілетін тұрғын үй алған көп балалы ана Балкия Сәрсенбекова пәтердің жөндеуі сапасыз деп шағымданған. Мәселесі шешілетін болды.

Мақсұт қажы Кеншілер көшесі, 67-үйде жылу жоқ деген мәселемен қабылдауға келген еді. Шынында да, үйі суық. Әкім жылу берушілерге нақты себептерді анықтау үшін уақыт берді. Өйткені бұған дейін жүргізілген реттеулер оң нәтиже берген жоқ.
Ал Беркімбаев к-сі, 101 үйінде тұратын Сергей Маннның керісінше, әкімге қабылдауға келгеннен кейін, мәселесі шешілді. Жылу желілерін тазалау арқасында Бірінші Открытый проезд көшесінің тұрғыны Сара Ибраева да оң нәтиже көріп отыр. Мәселе соңғы үйлердің тұрғындарында ғана қалды.

Оларға да құбырларды тазалау жолы ұсынылды. Сондай-ақ, жылу берушілер мен ТҮКШ бөліміне полициямен бірге заңсыз насос орнатып алғандарды анықтау тапсырылды. Сонымен қатар, әкім Ержан Бейбітұлы қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығына барды.

Бүгінгі күні онда 40-қа жуық адам тұрады. Олардың үшеуі құжатсыз. Бұл мәселелер шешіледі. Жақында тағайындалған басшы Нұрлан Тәжібаев шатырды, қасбетті жөндеу қажеттігі туралы айтты. Әкім орталықтың қаржылық мәселелерін ретке келтіруді тапсырды,себебі оның пікірінше, тамақтандыру сапасы бөлінген бюджетке сәйкес келмейді. Орталықтың одан әрі қызметін әкім жеке бақылауға алды.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.