Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Көліктегі қауіпсіздік»

Статистика бойынша, Екібастұз қаласының аумағында қауіпсіздік техника сақтамағындықтан 15 автокөліктерде өрт болды.

Автокөлікте өрттің шығуының негізгі себептері – қысқа тұйықталу, автокөліктің салоннында шылым шегудің салдарынан, қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдаланғандықтан, отын майының ағып, қозғалтқыштың қыздырылған бетіне түсуі, қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдаландықтан, электр және газды дәнекерлеу жұмыстарын жөндеу кезінде өртті сақтықпен қолданбағандықтан.

Өкінішке орай, көптеген автокөлікиелері әрқашан өздерінің автокөліктедегі өрт қауіпсіздігі туралы ойламайды. Өрттен кейін автокөлікті жөндеу көбінесе ақталмайды, жаңадан сатып алу тиімдірек. Сондықтан осындай төтенше жағдайларды болдырмау үшін кез –келген автокөлікке шұғыл жәрдем жинағы, шина сияқты өрт сөндіргіші қажет.

Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау тобының аға

инженері азаматтық қорғау капитаны                                    А. Алимов