Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен брифинг өткізілді...

Екібастұз қаласының қалалық коммуникация қызметінің алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен "Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі" және "Қысқы кезеңге дайындық"тақырыптары бойынша брифинг өтті.

Спикерлер Екібастұз қаласы ТЖ Басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, подполковник Д. Байсанбаев және Екібастұз қаласы ТЖ Басқармасы Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау тобының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Е. Рогожина болды.

 Екібастұз қаласы ТЖ Басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері өз сөзінде Екібастұз қаласының жол желісі 158,1 км жалпы пайдаланымдағы және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын-279,4 км құрайтынын атап өтті. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында қысқы күтіп ұстауды 3 мердігерлік ұйым ("Ардабил-ЛТД" ЖШС, "Спецтехника" ЖШС, "ЭкибастузКоммунсервис" ЖШС) жүзеге асырады, 27 жол техникасы бар.

Қысқы уақытта Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары ауылдық округтер мен кенттер әкімдіктерімен, жол полициясымен, автовокзалдармен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының, ауылдық елді мекендерге кірме жолдардың жай-күйі туралы ақпарат алмасуды және бақылауды жүзеге асыру жоспарлануда.

 "Қазавтожол" АҚ хабарламасына сәйкес, қар жаууына байланысты ауа райының қолайсыз жағдайлары туындаған жағдайда барлық бағыттар бойынша барлық жолдарды Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері алдын ала жабатын болады.

Мереке күндері адамдар көп жиналатын жерлерде ТЖ басқармасының қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелердің кезекшілігі ұйымдастырылады. Екібастұз өңірінде жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, Екібастұз өңірінің барлық мемлекеттік мекемелері мен тұрғын үй қорында жылу, су және электрмен жабдықтауды үздіксіз беру қамтамасыз етіледі.

Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою және адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылдау мақсатында:

1) БАҚ арқылы (брифингтер өткізу, радио мен теледидарда сөз сөйлеу жолымен) су айдындарындағы мұз жағдайы және су айдындарындағы (мұздағы) қауіпсіздік шараларын сақтау туралы азаматтарды хабардар етуді) жүзеге асыруда;

2) оқу орындарында (мектептер, колледждер) және қала құраушы өнеркәсіп кәсіпорындарында (энергетикалық станциялар, көмір разрездері) оқушылармен және жұмысшылармен су айдындарындағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелерінің негізгі талаптары мен ережелерін жеткізу жөнінде )әңгіме өткізуде;

3) дауылды ескертулерді алған кезде балықшыларды хабардар ету және оларды жағалауға көшіру жөнінде жедел шаралар қабылдауда;

4) қысқы кезеңде қауіпсіздік бойынша жаднамалар таратуды қамтамасыз етуде.

Қысқы кезеңде ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің және ҚР ІІМ ТЖК құрылымдық бөлімшелерінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілетін болады.

Қалалық шұғыл әрекет ету жасағының жеке құрамының жалпы саны – 145 адам, арнайы техника саны - 36 бірлік.

Өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша жылыту маусымында ТЖ басқармасының бас маманы Е. Рогожина сөз сөйледі. Ол өз сөзінде өңір тұрғындары арасында жыл бойы жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, азаматтар сәтсіз болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу қайғылы салдарларға әкеп соқтыратынын атап өтті.  

2019 жылдың 10 айында Павлодар облысының аумағында тіркелген:

- 80 өрт, онда 26 адам зардап шекті, 12 адам қаза болды;

- Техногендік сипаттағы 2 жазатайым оқиға (улы газбен улану), онда 2 адам зардап шекті, қаза болғандар жоқ;

- 1 газ-ауа қоспасының шығуы, онда 1 адам зардап шекті. қаза болғандар жоқ;

Екібастұз қаласы мен ауылдық аймақ аумағында 2019 жылдың осы кезеңінде болды:

- 71 өрт (қала-58, ауылдық аймақ-13), онда 3 адам зардап шекті, 3 адам қаза болды;

- Техногендік сипаттағы 1 жазатайым оқиға (улы газбен улану), онда 2 адам зардап шекті, қаза болғандар жоқ;

Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 2019 – 2020 жылдардағы жылыту маусымында Екібастұз қаласы ТЖ Басқармасы жергілікті полиция қызметімен және волонтерлік қозғалыстар өкілдерімен бірлесіп 6229 ауланы аралап, 19 халықпен жиын өткізді (369 адам қамтылды).

 Әрбір демалыс күндері азаматтық қорғау органдарының (оның ішінде қызмет атқарудан бос қарауылдар) және үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерін тарта отырып, "өрт қауіпсіздігі сенбілігі" өткізіледі.

 - бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу өткізілді, оның ішінде 16 теледидар, тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша қалалық газеттерде 16 мақала және 24 дауыс зорайтқыш құрылғы бойынша сөз сөйлеу, көше LED экраны мониторы арқылы бейнероликтер көрсету.

Тұрғын секторды аралап шығу кезінде өртке қарсы қызмет қызметкерлері келесі іс-шараларды өткізу туралы ұсыныстар береді:

- Жылыту маусымы басталар алдында пештер мен түтіндіктерді тазалау, жөндеу және бөлу, жарықтарды бітеу қажет.

- Жылыту маусымы басталар алдында әрбір пешті, сондай-ақ үй-жай шегіндегі қабырға түтін каналдарын, әсіресе шатырдағы түтін мұржаларын ақ фонда пайда болатын түтіннен қара жарықтарды байқап көру үшін әк немесе балшық ерітіндісімен араластыру қажет.

- Пеш, түтін құбыры шатырлы ағаш немесе қабатаралық жабындармен қосылған жерлерде кірпіш қаламы қалың болуы тиіс. Пеш қабырғаларының қалыңдығын да ұмытпау керек.

Жанып жатқан пешті қараусыз немесе жас балаларды қамқорлыққа қалдыру өте қауіпті. Пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Аталмыш брифингте талқыланған мәселе қыс мезгіліне дайындық жөнінде әр маман өз лауазымына қатысты мәліметтер айтты, сондай-ақ қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындарға төтенше жағдайлардан сақ болу жөнінде ескертулер айтылды.

Брифинг барысында бұқаралық ақпарат өкілдерімен тұрғын үйлерде болған өрт жайында, оның салдарынан зардап шеккен, қаза тапқандар бойынша сұрақтар қойылды, халықпен қыс мезгінде сақталынатын ережелер, қыс мезгілінде туындайтын күрделі мәселе жөнінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдармен және ауылдық округтардың өз ара іс қимылы  туралы сұрақтар қойылды.

 

Екібастұз қаласының

ТЖ басқармасы