Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Автожолдардағы авариялық-құтқару жұмыстары

         Ауа температурасының төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар автобустарының сынуы жиілеп кетті.

 Ағымдағы жылдың 22 қарашасында "Павлодар-Нұр-Сұлтан" автомобиль жолының 02-50 шақырымында Екібастұз ауылдық аймағының Төртқұдық ауылының маңында, техникалық ақаулығы салдарынан "Зайсан-Нұр-Сұлтан" бағытындағы "Setra" маркалы жолаушылар автобусы мәжбүрлі тоқтады. Салонда 18 жолаушы болған. Автобустың тоқтау себебі-отын жүйесінің ақаулығы. Жолаушылар көлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген жеке тұлғаға тиесілі.  Төтенше жағдайлар департаменті, ауылдық әкімдік және Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде жолаушылар Төртқұдық ауылының жылыту пунктіне эвакуацияланды. Жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ.

         Сағат 05.25-те ақаулықты жойғаннан кейін жолаушылар автобусы өз бағыты бойынша қозғалысын жалғастырды.

 

Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасы