Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімдігі азаматтарды көшпелі түрде қабылдауды жалғастыруда

Екібастұз қаласының әкімдігі азаматтарды көшпелі түрде қабылдауды жалғастыруда.  Бүгін жұмыс тобы шалғай елді мекен - Әлкей Марғұлан атындағы ауылға барды.  Мұнда да тұрғындарды түрлі мәселелер толғандырады. Ең маңыздысы - сумен қамтамасыз ету.

Бұл мәселені зейнеткер, совхоздың бұрынғы директоры Захар Ильин айтып келді Ауылда  су құбыры бар, бірақ ол барлық көшелерді қамтамасыз етпейтін көрінеді.  Әкім Ержан Бейбітұлы республикаға бюджеттік өтінімді тек наурыз айында ғана беруге мүмкіндік бар екенін түсіндірді.

Қабылдаудан кейін, қала басшысы ауылды аралап шықты. 102 оқушы білім алып отырған жергілікті мектепке барды. Мұнда оқушылардың саны аздығы байқалады.

Әкімнің пікірінше, асханадағы тамақтану сапасы да тисті деңгейде емес. Қала мектептерінде балалар жақсы тамақтанады, ал қаржыландыру бірдей деп қадап айтты ол.

Әкім ауылдық кітапхананы мектеп ғимаратына көшіруді тапсырды.  Тағы бір мәселе-медпункте жоғары білікті маманның болмауы.

Сондай-ақ, құрылыс бөліміне қараусыз қалған үш үйді қалпына келтіру мақсатында тексеру тапсырылды.

Екібастұз қала әкімінің баспасөз қызметі