Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сарықамыс ауылдық округіндегі әкімнің кездесуі

"Nur Otan" партиялық жобасын жүзеге асыру аясында Сарықамыс ауылдық округінде азаматтарды қабылдау өтті.
Биылғы жылы Монғолиядан ауылға 4 отбасы қоныс аударды. Екі отбасының отағалары жұмыссыздық мәселесін алға тартып, кездесуге келді. Мәулет Жырғаухан мен Нұрланбек Манейханның алайда арнайы білімдері жоқ.

Бибігүл Сайлау жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне атаулы әлеуметтік көмектің кешеуілдеуі туралы шағымданды. Оған жауап берген маман құжаттарды тоқсан сайын жаңарту қажеттігін алға қойды.

Тағы бір тұрғын Уатқан Бейсхан, қызы Айнұр Солтанбекке тегін көзілдірік алу үшін көз көруі бойынша мүгедектікті ресімдеуге көмек сұрады.

Жергілікті ветеринардың мәселесі ұзақ жылдардан кейін шешімін тапты. Ветеринарлық бекетінің жоқтығына шағым түсірген маман, күніне ауылдықтарға 200 ден астам қағазды үйден жазып берем деп мұңын шақты. Қала әкімі Ержан Иманзаипов араласқаннан кейін ауылдық кітапхананың ғимаратын ветпунктке беру туралы шешім қабылданды. Ал кітапхана мектепке көшірілетін болды.
Кездесу барысында жұмыс тобының өкілдері жалпы 25 мәселені тыңдады.