Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Богатырь Көмір" ЖШС азаматтарды қабылдау»

Екібастұзда қала әкімдігі азаматтарды көшпелі түрде қабылдауын жалғастыруда. Бұл жолы қала әкімі Ержан Иманзаипов бастаған әкімдік бөлімдерінің, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының және коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері қала құраушы "Богатырь көмір"кәсіпорнының қызметкерлерін тыңдады.

 - "Барлық қызметкерлер қала сыртындағы жұмыс кестесіне байланысты менің қалада өткізілетін жеке қабылдауларыма келе алмайтынын жақсы түсінемін. Сондықтан біз көшпелі қабылдаулар өткізуді шештік. "Богатырь Көмір" компаниясында бұл кездесу өте өзекті, өйткені мұнда алты жарым мыңнан астам қызметкер жұмыс жасайды" - деді әкім Ержан Иманзаипов.

Бұл күні барлығы 89 сұрақ қойылды. Олардың біршамасына сол жерде жауап берілді. Талдау көрсеткендей, олардың көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты екен.

"Богатырь" кенішінің 1 электрлендіру учаскесінің бастығы Рустам Ғабдулғанеев өз ұжымының атынан қабылдауға келді. Оның қарамағында 24 адам бар. Олардың барлығы алдын ала  басшыларына өз сұрақтарын қалдырыпты. Рустам оларды тиісті мамандарға жүктеді.

- "Мен сұрақтарға жауап алдым. Енді ең бастысы іске асыруды күтеміз. Іс-шара өте жақсы.  Ең бастысы, мәселенің шешілуі" дейді Рустам Габдулғанеев.

Естеріңізге сала кетейік,  бірінші рет азаматтарды қабылдау Солнечный кентінде өтті,  әкімдікпен арнайы құрылған кестесінде  басқа да қала құраушы кәсіпорындары мен ауылдық елді мекендер белгіленген.