Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әкім Ержан Иманзаипов жылу мәселесі бар үйлерді тексерді.

Жұмыс тобы құрамында депутаттар, әкімдік бөлімдерінің және жылу берушілердің өкілдері қала әкімі Ержан Иманзаипов басшылығымен, жылу қосу проблемалары бар үйлерді тексеріп шықты.

Май көшесінде тұратын көпбалалы әже Зайда Косжанова  қала әкімнің жеке қабылдауына осы мәселе бойынша жазылыпты.  Егде әйел толыққанды берілмеген жылуға ақшасын төлеуім керек деп наразылық танытып отыр.

Үйдің соңғы жақтағы бөлмелерге жылу дұрыс бармай тұрғанын  Ержан Бейбітұлы орнында көз жеткізді.

Дәл осындай мәселе  Ақжол (Октябрь) мекенжайы бойынша да байқалады. Соңғы үйлер толыққанды  жылуды алмайды.

Кеншілер көшесі, 15 "в" көп қабатты үйде бес жыл бойы шеткі кіреберістерде де дәл осындай  мәселе тұрды. Қазір бұл үйде мәселе шешілді.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдерінің айтуынша, қазір мүмкін болатын себептерді жою бойынша шаралар қабылдануда. Құбырлардың бірдей типтік өлшемі жоғарыда аталған 15 "в"Кеншилер мекенжайына орнатылған. Сол үйдің тұрғыны  Валентина Гурина үйде әлдеқайда жылы болғанын растайды.

Сондай-ақ жұмыс тобы Заводская көшесіне барды. Айта кету керек, әкімнің проблемалы үйлерге баруы одан әрі жалғасады.