Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мектеп көшбасшыларымен және қамқоршылық кеңестерімен кездесу.

Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаипов 10-шы мектептің 7-сынып оқушысы Милана Беркозға  дыбыс жазу жабдықтарын сыйға тартты. Жас кәсіпкер музыканы ғана емес, жемістер мен көкөністерден сау чипстерді де шығарады. Ол өз бизнес-жобасын өңір басшысына бұған дейін жас кәсіпкерлермен болған кездесуде ұсынған еді. Сол кезде ол музыканы сату ниетін де білдірген еді. Әкім  көмектесуге уәде еткен. Сөзінде тұрды.

Милананың шағын-студиясына арналған техника жиынтығын қала әкімі мектеп көшбасшыларымен және қамқоршылық кеңестерімен кездесуде табыс етті. Ержан Бейбітұлы диалог алаңы түрінде білім беру жүйесін дамыту мәселелері бойынша отырыс өткізді.

- Көптеген мәселелер кешенді көзқарасты талап етеді және оларда іске асыру мерзімі бар. Біз атқарушы билік ретінде проблемаларды шешу үшін барлық шараларды қолданамыз.

Қала басшысы әлеуметтік сала нысандарын ұстауға жұмсалатын энергия шығынын үнемдеу мақсатында қала әкімдігі мен "PROLUX LTD" компаниясы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлейтінін айтты.

- Бұл өз кезегінде бізге коммуналдық төлемдерді үнемдеуге және мектептердің өзекті қажеттіліктеріне қаражат жұмсауға мүмкіндік береді деп атап өтті Ержан Бейбітұлы.

Қамқоршылық кеңесінің өкілдері ғимаратты жөндеу, жарықтандыру, көлік тұрағы, тротуарлар, тамақтану сапасы және т.б. мәселелерді көтерді. Бұл мәселелер отырысқа қатысқан тиісті органдарға тапсырылды.

Қыс мезгілі  жақындау кезінде сабақ кестесін қайта қарау өзекті тақырып болды. Екінші ауысымның оқушыларына арналған сабақтар кешкі жеті сағаттан кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

Жергілікті полиция қызметіне мектептер мен балабақшалардың жанында көлік тұрағы мен тротуарлардың бар-жоғын талдау тапсырылды.

Мектеп оқушылары әкімнен мұз сарайын сұрады және мектептердің проблемалы мәселелерін шешуге қатысуға ниет білдірді, Ол үшін мектеп маслихатын құруды ұсынды.