Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Ашық есіктер күні»

Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халықтың үніне құлақ асу» тұжырымдамасын іске асыру аясында Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық жерлерде Ашық есік күнін өткізуде. Алғашқы кездесу 23 қазан күні Солнечный кентінде сағат  9.00-ден 11.00-ге дейін өтті.

Қала әкімі Ержан Иманзаиповтың басшылығымен он алты бөлімнің жетекшілері, қадағалау және құқық қорғау органдарының және денсаулық сақтау саласының өкілдері ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Өтініш білдіргендердің  арасында бірінші топтағы мүгедек Ғани Ашилов . Ол әкімнен үйіне кіре берісте пандус орнатуды  сұрады.

- Мен үнемі терезеден қарап тұрамын, маған шығуға көмектесетін адамды іздеймін. Немесе көршілер мен таныстарға қоңырау шаламын. Бірақ маған оларды  әрдайым мазалау ыңғайсыз дейді Ғани.

Осындай өтінішпен ол ашық есік күніне келді. Әкім Ержан Иманзаипов МАЭС-2 басқарма төрағасы Әнуар Берлібаевпен келісіп, Ғаниға пандус орнатылатын болды

Осындай кездесулер басқа да ауылдық округтерде  жалғасатын болады. Ол үшін әкімдік жұмыс тобының  кестесі де әзірленген.

Осы күні жұмыс тобының мүшелері 70-тен астам сұраққа жауап берді. Шамамен 10 адам әкімнің көмегіне жеке  жүгінді.

 - Жиі қойылатын сұрақтар тұрғын үй саласына және ауылды абаттандыруға байланысты. Келесі жылы біз кенттегі қараусыз қалған екі тұрғын үйді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз, оларда шамамен 180 пәтер бар  деді қала әкімі Ержан Иманзаипов.