Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығын хабарлайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты аясында Павлодар облысының келесі аудандарында және моноқалаларында «Бастау Бизнес» оқыту жобасы іске асырылады: Ақтоғай, Железинка,Аққулы, Май, Шарбақты, Успен, Павлодар аудандары, Ақсу,Екібастұз және Павлодар қалалары.

Кәсіпкер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша екінші ағымда оқуға үміткерлер үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Жоба Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудың, халыққа жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге қарамастан, жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтаған/оқуға қатысканы туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер келесі құжаттарды Өңірлік кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына жүгінеді: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы мен өтініш. Тест 2019 жылғы қарашаның 4-5 күні өткізіледі. Оқу 2019 жылдың қарашаның 6 күні басталады.

ӨКП филиалдарының мекенжайлары:

1.Ақтоғай а.,Абай көшесі,,79, тел.87184121944

2.Железинка а,.Квиткова к-сі 13,.тел.87183122425

3.Аққу а,. Амангелді к-сі 84/А, тел.87183979185

4.Көктөбе а., Қазыбек би к-сі.29, тел 87183891931

5. Павлодар қ, Ломов к-сі,21 тел.87182660311 ішкі 5522

6.Успен а., Семенченко к-сі.,29. тел 87183491976

7.Шарбақты а., Әлімбаев к-сі, 51 тел.871836 21210

8.Ақсу қ., К.Маркс к-сі, 1, тел.87183733166

9.Екібастұз қ., Б.Момышұлы к-сі 45, тел. 87187347661

10. Павлодар қ, Ломов к-сі,21 тел.87182660311 ішкі 5560.

Өтініштерді келесі мекенжай бойынша Өңірлік кәсіпкерлер Палатасына беруге болады: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат, анықтама үшін телефон 66-03-11, ішкі 5554,5560.