kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы АҚПАРАТ

Білім беру жүйесінің қызметі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  бағдарламасымен  айқындалған.

         Екібастұз өңірінің білім беру жүйесінде  74 білім нысаны бар: 47 мектеп, 25 мектепке дейінгі мекеме (оның ішінде  1 «Лучик» балаларды дамытудың  жеке меншік  орталығы және  «Мектеп-бала бақша» ОК), 3 мектептен тыс мекеме.

Мемлекеттік бағдарламаны  жүзеге асыру аясында  ағымдағы жылы  108 501,5 мың теңге сомасына  18 білім нысанына  жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде:   56774,5 мың теңге сомасына 6 нысанға күрделі жөндеу  жөндеу және   51 727,0 мың  теңге сомасына 12 нысанға ағымды жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, 2013-2014 жылу беру маусымына 17 мектепке 21 613,1 мың  теңге  сомасына (7361 тонна)  қатты отын  100 % -ға  жеткізілді.

Бағдарламада көрсетілген негізгі мәселенің бірі, ол білім беру ұйымдарының материалды-техникалық  базасын нығайту. Мысалы, ағымды жылдың 9 айы ішінде  материалды-техникалық  базаны нығайтуға  65 921,0 мың теңге бөлінді. Бұл сомаға 10 мектеп үшін оқу жиҺаздары, 4 бала бақшаға жиҺаз, асханалар  үшін (6 мектеп, 2 бала бақша)  технологиялық жабдықтар, 6 мектепке компьютерлік сыныптар,  40 мектепке  спорттық мүкәмалдар   сатып алынды. 

Мемлекеттік бағдарлама өңірде тірек мектептерінің (ресурстық орталықтар) қызметін қамтамасыз етуді қарастырады. Біздің өңірде № 22 гимназия мектебі осындай орталық болып табылады, оған төрт ауыл мектебі  (Байет, Қарасу, Өлеңті және  Комсомол ЖОМ) бекітіліп берілген.  2013-жылдың қыркүйек айынан бастап № 21 ЖОМ жанынан  орыс тілінде оқытатын 4 ауыл мектебі үшін тағы бір ресурстық орталық іске қосылды. 

Бағдарламада білім беру ұйымдарының кең өрісті Интернетке қол жеткізілуін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Мектептерді кең өрісті Интернетке қосу үшін  14 464,0 мың теңге қажет. Бұл қаражат 2014 жылы қарастырылатын болады. 

Бағдарламада инклюзивтік білім беруге баса назар аударылған.

Біздің өңірде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жағдайын жақсарту бойынша барлық шаралар қолға алынған. Үйде оқуға мұқтаждар 100 пайызға қамтылған. Үйде оқитын мүгедек балаларды жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапқан, яғни  компьютерлік  техника жиынтығымен және бағдарламалық қамтылыммен қамтамасыз етілген.  Тек соңғы екі жылдың өзінде 38 бала мультимедиялы қондырғылары бар компьютерге, ал  71 бала  Алматы қаласының Ұлттық ақпараттандыру орталығында алғаш шыққан  – электрондық оқу құралдарына ие болды. Оған қоса, мектептердің сайтында  «off-line»  режимінде оқу сабақтарына арналған материалдар  орналасқан. Мектептерде  293 мүмкіншілігі шектеулі оқушы,  182  мүгедек  бала оқиды.

 Мемлекеттік бағдарламада оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру мәселесіне аз көңіл бөлінбейді. Өңірде 2013-2014 оқу жылы 278  оқушыны тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл мақсатта 9 бірлік  автокөлік пайдаланылды, оның 7-уі ауыл әкімдіктерінің  балансында, 2-і- мектеп балансында тұр.

 2013-жылы жергілікті бюджеттен  4  автобус сатып алу үшін  15370, 0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.  Бұл қаражатқа Өлеңті, Сарығамыс, Төртқұдық ауылдық  округтерінің әкімдіктерімен 3 автокөлік сатып алынды және Шідерті поселкелік әкімдігімен  автобус сатып алу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Екібастұз өңірі бойынша  255 бала қорғаншылыққа және қамқоршылыққа  алынған, соның ішінде  113 жетім бала, 142 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Жәрдемақы төлеуге  38058,0 мың  теңге бөлінді.

Бағдарламада оқу орындарының тапшылығына, 3 ауысымдық оқу мәселесін  шешу және мектептердің апаттық  жағдайында болуына жылсайын мониторинг жүргізу қарастырылған.  Біздің өңірде қалалық жерде  1200 орындық  мемлекеттік тілде оқыту мектептерінде оқу орындарының тапшылығы байқалады, ал орыс тілінде оқытатын мектептерде   - 600 орын. Апат жағдайында тұрған және 3 ауысымдық  мектептер біздің өңірде жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаның басымды бағыттарының бірі  педагогтардың мәртебесі мен беделін арттыру болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыру аясында білім бөлімімен «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қалалық туры  өткізілді, оған  12 пән мұғалімі қатысты.  Облыстық турдың номинанты атанғандар: № 25 ҚҚГ математика мұғалімі  К.М.Ержанов,  № 6 МЛ  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.П.Богураева, № 13 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі  С.В.Воронова.  Сонымен қатар, ағымды жылдың қазан айында «Өлкетану» бойынша авторлық бағдарламалардың облыстық байқауының қалалық туры ұйымдастырылды, оған  7 педагог  қатысты, облыстық  тур қараша айына жоспарланып отыр.

Педагогтардың шығармашылық әлеуетін  жүзеге асыру, оларды  кәсіби  дамыту  мақсатында білім беру мекемелерінің  қызметкерлерін   педагогтық шеберлік конкурстарына қатыстыру бойынша  жұмыстар жандандырылды.      Өңірдің  15 педагогы қараша айында «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар» облыстық конкурсына қатысады.

2013 жылдың қаңтар айынан бастап «Өрлеу»  базасында бағдарламалық деңгей бойынша біліктіліктерін арттыру курсынан  өңірдің – 96 педагогы үшінші базалық деңгей бойынша, екінші деңгей бойынша 24, бірінші деңгей бойынша 16 педагог  өтті.

Ағымды жылы Екібастұз өңірінің білім беру ұйымдарына  79 жас маман келді,  соның ішінде  ауылдық мектептерге - 19.  Барлық жас мұғалімдерге тәлімгерлер бекітіліп берілді, педагогтық жүктемелер анықталды.

Сонымен  қатар, білім мекемелерімен «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Екібастұз өңірінде  мектепке дейінгі  ұйымдарда балаларды орынмен қамтамасыз етуде халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру үшін  24 бала бақша, 1 жеке меншік балаларды дамыту орталығы және 21 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді.

 Есепті кезеңде балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту 1 жастан  6 жасқа дейін – 74 %,  2 жастан  6  жасқа дейін– 93 %  және   3  жастан  6 жасқа дейін – 100 %  құрайды.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге  асыру аясында Екібастұз қаласында  320 орындық  № 25 «Ақ бота» бөбектер бақшасы іске қосылады.

 

         Білім бөлімінің басшысы                                       М. Қайырбаева

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза