Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Баспасөз релизі

«Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет», Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі  Қазақстан халқына Жолдауынан.

         «Ертіс Думанын» мерекелеу шеңберінде 2019 жылғы 7 қыркүйекте Павлодар қаласында өңірлік «Туризм – PVL – 2019» көрмесі өткізілді.

        «Туризм – PVL – 2019» көрмесінің негізгі бағыты: санитарлық-сауықтыру демалысы, танымдық, экологиялық, спорттық туризм, мұражай, оқу орындары, қолөнер, кәдесый өнімдері және т.б.

        Облыстың барлық қалалары мен аудандары, сондай-ақ туристік фирмалар  өздерінің жаңа туристік бағыттары көрсетілген  стендтерді ұсынды.

        Алтай аймағы (РФ), Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облысы тәрізді  басқа өңірлерден келіп қатысқан  қонақтар  да болды.

        Көрмеге қатысуға «Кыз Жасауы - 2016», қолөнер шеберлері Н.Н. Айдарханова, М.Н. Құрмашева, Н.Н. Гавриненко, сонымен қатар «EL&MAX» туристік компаниясы ықпалдасты.

        EL&MAX» туристік компаниясы «Ең үздік стенд» номинациясы бойынша 3-орынға ие болды.

        Сондай-ақ, іс-шара шеңберінде концерттік бағдарлама, қолөнершілер жәрмеңкесі, суретшілер пленэрі және кемелер шеруі  өткізілді.