Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Алданов Қожакелді Тоқбергенович: Өтініш

Құрметті Нұржан Кемерұлы! Менің сұрағым төмендегіше : Біз Солнечный кентіде көпбалалы жанұя есебінде үй кезегінде тұрамыз. Сізбен Солнечный кентіде болған кездесуде осы мəселе бойынша сұрақ қойылған болатын. Бізді жеке қабылдауыңызға шақырған едіңіз. 23 июльде болған қабылдауға бардық. Орынбасарыңыз қабылдады: біздің мəселеміз қаралатынын айтқан болатын. 5 - августе кент əкімі Н. М. Сейлханов атына біздің мəселе үй - жай комиссиясының отырысында қаралатындығы туралы хат келген болатын. Кеше комиссия отырысы өткен. Біздің мəселеміз не болды? Құрметпен Қожакелді АЛДАНОВ 87476169484

Азаматша Г. Ашиловаға Конституция даңғылы, 24-үй, 12-пәтер мекенжайындағы үш бөлмелі пәтерді бөлу мәселесі жөніндегі өтінішіңізге мынаны хабарлаймын. Осы өтініш 2019 жылдың 12 тамызында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тізімде белгіленген кезек тәртібімен берілетіндіктен тұрғын үй бөлуден бас тартылды деген шешім қабылданғантұрғын үй комиссиясының отырысында қаралған болатын. Азаматша Г.К. Ашилова өзінің жұбайы К.Т. Алдановпен 2018 жылдан бастап отбасында 6 адам, Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде Солнечный кентінде «көп балалы отбасы» санаты бойынша, қазіргі уақытта №133 болып кезекте тұр. Азамат К.Т. Алдановтың кезектілік қарқыны: 2018 жыл - №176, 2019 жыл - №133. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген сәттен бастап тізімде белгіленген кезек тәртібімен беріледі. 

На основании Закона Республики Казахстан «О порядке рассмотрения обращений физических лиц и юридических лиц» Вы имеете право обжаловать принятое решение.