Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласындағы медиация күні

Қазақстанның барлық өңірінде  «Республикалық бірыңғай медиация күні» өткізілуде.    

«Республикалық бірыңғай медиация күні» акциясы шеңберінде Екібастұз қаласында да 2019 жылғы 5 тамызда Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы С.Жетпісбаевтың төрағалық етуімен іс-шара өткізілді.  

Аталған іс-шараға Екібастұз  қалалық сотының, прокуратурасының,  «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалының, этномәдени бірлестіктердің және жастар бастамасының, Қоғамдық келісім кеңесінің, кәсіпқой және кәсіпқой емес қоғамдық медиаторлар өкілдері қатысты.  

Екібастұз қалалық сотының судьясы А.Машрап медиация  институтын дамыту, түйінді мәселелер жөнінде баяндама ұсынды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласы бойынша кәсіпқой емес медиатор Т.Абрамова және кәсіпқой медиатор А.Ж.Абдыкалык медиация саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына түсіндіру сипатында жауаптар берілді.

Осы акция шеңберінде ұқсас іс-шаралар ауылдық округтер, ауылдар мен кенттерде де өткізілді.

 

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының

 мемлекеттік-құқық бөлімі